Мәулен Әшімбаев алдағы референдум туралы: "Ел дамуының жаңа кезеңіндегі тарихи оқиға"

165

Бүгін жаңа Конституция жобасы БАҚ беттерінде жарияланады.

Мәулен Әшімбаев алдағы референдум туралы: "Ел дамуының жаңа кезеңіндегі тарихи оқиға" Фото: Аскар Ахметуллин

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа Конституция жобасы ашық әрі жан-жақты талқыланып, мұқият пысықталғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының жарлығымен 2026 жылғы 15 наурызда ҚР жаңа Конституциясы республикалық референдумға шығарылады. Бұл – ел дамуының жаңа кезеңіндегі тарихи оқиға. Конституция жобасы ашық әрі жан-жақты талқыланып, мұқият пысықталды. Талқылау барысында азаматтардың ұсыныстары барынша ескерілді. Бұл "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына іс жүзіндегі жарқын көрінісі екені сөзсіз. Сол арқылы Әділетті Қазақстанның конституциялық моделі қалыптасуда. Осы ретте конституциялық комиссияның және оның құрамындағы Парламент депутаттарының қажырлы жұмысын ерекше атап өткен жөн", – деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Сенат спикері жаңа Ата заңның жобасы бүгін БАҚ-та ресми түрде жарияланатынын атап өтті. 

"Алдағы уақытта Сенат депутаттары жаңа Ата заңымыздың ережелерін түсіндіру жұмыстарына бір кісідей ат салысады деп сенеміз. Осы орайда Әділетті Қазақстанның берік негізін қалайтын кезеңде барша қазақстандық өздерінің патриотизмін және азаматтық ұстанымдарын білдіріп, референдумға белсенді қатысады деп сенеміз және соған шақырамыз", – деді Сенат төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу