Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту және серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды, деп жазады inbusiness.kz.
Палата Спикері Қазақстан мен Израиль арасында достық пен өзара сенімге негізделген көпжақты және берік серіктестік қатынас орнағанын атап өтіп, Израиль халқын аталған мемлекеттің тәуелсіздігіне 75 жыл толуымен құттықтады, делінген Парламент баспасөз қызметі хабарламасында.
"Қазақстан Израильді "өркениеттер диалогын" одан әрі дамыту және әлем халықтарының мәдениетаралық ынтымағын қамтамасыз ету ісінде маңызды серіктес ретінде таниды. Біз Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Йосеф пен Израильдің Бас Ашкенази раввині Дэвид Лауға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Съездің жұмысы халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді ілгерілетуге, дінаралық диалогты дамытуға және әлемде адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған", – деді Мәулен Әшімбаев.
Сөз соңында тараптар парламентаралық өзара іс-қимылды арттырудың маңызына назар аударды.