Мәулен Әшімбаев карантиннен оралды

688

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавирустан жазылып, қалыпты жұмыс режиміне оралды. Бұл туралы Сенат спикері әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәулен Әшімбаев карантиннен оралды Фото: Серікжан Қобыланбаев

"Соңғы тапсырған екі ПТР сынамасының нәтижесі ойдағыдай болып, індеттен жазылып шықтым. Соған байланысты екі аптаға жалғасқан карантиннен кейін бүгін қайтадан қалыпты жұмыс форматына көшкенімді хабарлаймын. Жалпы, осы уақыттың ішінде бойымда аурудың ешқандай белгілері байқалған жоқ. Сондықтан жұмысымды тоқтатпай, қашықтан атқарып отырдым",– деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Ол жылы лебіздерімен қолдау көрсетіп, тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіргендерге алғысын жеткізіп, халықты карантин талаптарын орындауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу