Мәулен Әшімбаев Қазақстанның Вице-президенті қашан тағайындалатынын айтты

149

Оның айтуынша, бұл мәселелер Мемлекет басшысының құзыретіне жатады.   

Мәулен Әшімбаев Қазақстанның Вице-президенті қашан тағайындалатынын айтты Фото: t.me/senate_kz

Қазақстанның Вице-президентін тағайындау мәселесі жаңа Құрылтайдың құрылуынан кейін шешіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Жаңа Құрылтай сайланған соң, Мемлекет басшысы тиісті шешім қабылдайды. Заңға және жаңа Конституцияға сәйкес шешімдер қабылданады. Атап айтқанда, бұл мәселелер Конституциямызда нақты көрсетілген, – деп мәлімдеді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін.

Биыл наурыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент лауазымы елдің билік институттарын нығайтатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу