Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қарағанды облысына келіп, өңірдегі мәслихат депутаттарымен кездесті, деп inbusiness.kz. Сенат баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сапар барысында Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ сенатор Долинка ауылында орналасқан "ҚарЛаг" музейіне барып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті.
Қасіретті кезеңнің ізі қалған осы тарихи орында "Ашаршылық. Голод. 1928-1934" бірегей құжаттар жинағының жаңа 6-7-томдары жұртшылыққа таныстырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу