Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер "Парламенттің мерзімінен бұрын сайлауы күзде өтуі мүмкін бе?" деп сұрады.
"Мен бұл тақырып жиі көтеріліп жатыр деп айта алмаймын. Бәлкім, бәзбіреулер бұл ақпаратты таратып жатқан шығар. Біз өте көп заңдарды қарастырып жатырмыз. Сондықтан да мерзімінен бұрын сайлау өтеді деуге еш негіз жоқ. Парламент, оның ішінде Сенат біздің заңнамалық күн тәртібімізге сай жұмыс істеп жатыр", – деді Мәулен Әшімбаев Сенат кулуарында.
Айта кету керек, бұған дейін Сенат МӘМС-ке қатысты заңды мақұлдағанын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу