Мәулен Әшімбаев Мысырдың Қазақстандағы Елшісімен кездесті

634

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мысырдың Қазақстандағы Елшісі Манал Эльсайед Ехия Эль Шиннавимен кездесті, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.  

Мәулен Әшімбаев Мысырдың Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Тараптар екі елдің түрлі бағыттар бойынша бұдан былайғы ынтымақтастығының келешегін талқылады.

"Біз алдағы жылы наурыз айында елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтеміз. Осы жылдар ішінде бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Египет достығының, өзара түсіністігі мен табысты ынтымақтастығының берік іргетасы қаланды. Екі елдің сыртқы саяси мекемелері арасында байланыстар жолға қойылды, сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру үшін жақсы негіздер жасалды, шарттық-құқықтық база нығая түсті", – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы әңгіме барысында еліміздің дінаралық диалогты жаһандық деңгейде ілгерілету және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу жөніндегі күш-жігерге қолдау білдіргені үшін Мысыр тарапына алғыс айтты.

Тараптар сондай-ақ парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелерін де талқылады.

"Біздің елдеріміздің парламенттері екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуда елеулі рөл атқарып келеді. Сенатта өткен жылы Мысырдың заң шығарушы органымен ынтымақтастық тобы құрылды. Біз парламентаралық байланыстардың жақсы қарқынын сақтауға және Мысыр парламентшілерімен сындарлы жұмыс жүргізуге мүдделіміз", – деді Мәулен Әшімбаев.

Палата төрағасы кездесу соңында Қазақстан Парламентінің Сенаты екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға белсенді түрде ықпал ететінін атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу