Мәулен Әшімбаев өзін вице-президенттікке ұсынғандарға жауап берді

119

Сенат төрағасының пікірінше, мұндай тақырып қоғамдық талқылауды бағытынан жаңылдыруы мүмкін.      

Мәулен Әшімбаев өзін вице-президенттікке ұсынғандарға жауап берді Фото: Сенат

ҚР Парламенті Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің вице-президент қызметіне тағайындалуы мүмкін деген әңгімелерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, мұндай талқылаулар әлі ертерек. Себебі, алдымен көпшілікке ұсынылған Ата заң жобасы кеңінен талқыланып, референдум арқылы таңдау жасалуы керек. 

– Менің ойымша, бұл әңгімелер шынын айтқанда қоғамдық талқылауды дұрыс бағыттан тайдырады. Егер Қазақстан халқы референдумда Конституцияның жаңа жобасын қолдаса, онда барлық кадрлық мәселелер еліміздің жаңа Конституциясына сәйкес шешіледі, – деді Әшімбаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай V отырысында жаңа әрі маңызды ұсыныс айтты. Вице–президентті Президент өзі тағайындайды.

Вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша:

  • халықаралық форумдарда және шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді;
  • Парламентте Президенттің мүддесін таныстырады;
  • отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайды.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу