Мәулен Әшімбаев Патриарх Кириллге шақыру хат тапсырды

756

Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Мәскеу қаласына барған жұмыс сапары кезінде Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллмен кездесті. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне шақыру хатын тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Мәулен Әшімбаев Патриарх Кириллге шақыру хат тапсырды

Әшімбаев алдағы съезде "Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани-әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі" тақырыбы арқау болатынын айтты. Оның айтуынша, жаңа жағдайда қазіргі заманның сын-қатерлеріне тойтарыс беру үшін бірлесіп әрекет етудің маңызды. Патриарх Кирилл Қазақстан Президентіне Съезге қатысуға шақырғаны үшін алғысын жеткізді.

Кездесу соңында Сенат спикері Қазақстанның дінаралық диалогты дамытуға қатысты бастамалары Орыс православ шіркеуінің қызметімен үндесетінін тілге тиек етті. Мәулен Әшімбаев алдағы уақытта да дінаралық диалог пен келісімді халықаралық деңгейде ілгерілету бойынша ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу