Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясының елшісімен кездесті

727

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдулазиз бен Абдулла әл-Даудты қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясының елшісімен кездесті

Тараптар кездесу барысында екі елдің ынтымақтастығы мен парламентаралық байланыстар бойынша өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.

Сенат спикері Сауд Арабиясы Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серіктесінің бірі екенін айтты.

"Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігерінің арқасында біздің елдеріміз арасында өзара құрмет пен сенімге негізделген сауда-экономикалық, мәдени және саяси байланыстар қалыптасты. Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қазақстан пен Сауд Арабиясының арасындағы көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса назар аударып отыр", – деді Мәулен Әшімбаев.

Палата төрағасы өзара парламентаралық диалогты одан әрі дамытуға да барлық мүмкіндіктер бар екеніне назар аударды. Ол сондай-ақ Қазақстанда өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне Сауд Арабиясының өкілдері белсенді қатысқаны үшін жүздесушіге алғыс айтты және пандемиядан кейінгі кезеңде мемлекетаралық ынтымақтастыққа қарқын беру қажеттігін атап өтті.

"Біздің елдерімізді тарихи, рухани және мәдени тығыз байланыстар жақындастырады. Сауд Арабиясының экономикалық дамуы біздің көз алдымызда. Экономиканы әртараптандыруға, денсаулық сақтауды, білім беруді, инфрақұрылымды және туризмді дамытуға бағытталған "Saudi vision 2030" бағдарламасын жеке атап өткім келеді. Біз ұқсас мәселелерді шешіп келеміз. Біздің елдеріміздегі экономикалық реформалардың көптеген аспектілері мен бағыттары да ұқсайды, өйткені оның басты мақсаты – біздің мемлекетіміздегі халықтардың әл-ауқатын арттыру болып табылады", – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы "G-20" ұйымына табысты төрағалық етуіне орай Сауд Арабиясының Үкіметіне құттықтауын жеткізді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу