Мәулен Әшімбаев: "Сыртқы саясатымызда ұлттық мүддемізге негізделген саясат жүргіземіз"

602

Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарында Орталық Азия елдерінің бірқатары шетелдің санкциясына қосылуы мүмкін деген ақпарат тарады.

Мәулен Әшімбаев: "Сыртқы саясатымызда ұлттық мүддемізге негізделген саясат жүргіземіз" Фото: NA Regnum

Сенат кулуарында Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев осы мәселеге қатысты пікір білдірді.

"Біз (ред. – Қазақстан) Батыс елдерінің санкцияларын бұзбаймыз. Біздің территориямыз, компанияларымыз сол санкцияны бұзу үшін пайдалануға ешқандай мүмкіндік берілмейді. Сондықтан санкциялардың барлығының жүзеге асырылуына өзіміз араласпаймыз. Біз ол санкцияларға қосылмаймыз, сонымен қатар оларды (ред. – санкция) бұзуға да жол бермейміз. Бұл – Қазақстанның нақты ұстанымы. Мұны Мемлекет басшысы да, Сыртқы істер министрлігі де бірнеше рет айтқан болатын", - деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында. 

Мәулен Әшімбаев еліміздің осы ұстаным негізінде әрі қарай жұмыс істейтінін атап өтті. 

"Мына нәрсені ескеруіміз керек. Сыртқы саясатымызда ең бастысы өзіміздің ұлттық мүддемізге негізделген саясат жүргіземіз. Бұл бағытта атқарып жатқан жұмыстарымызды білесіздер. Осы саясат әрі қарай жалғасатын болады", - деп түйіндеді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу