Мәулен Әшімбаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасымен кездесті

402

Кездесуде тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.  

Мәулен Әшімбаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасымен кездесті Фото: Вечерний Алматы

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Тошиаки Эндо бастаған Жапония Парламенті депутаттарының делегациясымен кездесті, деп жазады inbusiness.kz Парламент баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев Жапония Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі маңызды саяси және экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ Палата Спикері Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының жұмысын жоғары бағалап, парламентаралық ынтымақтастықты халықаралық ұйымдар аясында да арттырудың маңызды екенін тілге тиек етті", - делінген хабарламада.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері де сөз болды. Одан бөлек, тараптар декарбонизация, цифрландыру, сирек металдарды өндіру, ауыл шаруашылығы, логистика сияқты салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілік танытты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу