Мәулен Әшімбаев жылды қорытындылады

980

Сенат төрағасы депутаттардың осы жылдағы жұмысын қорытындылады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Мәулен Әшімбаев жылды қорытындылады

Биыл Парламент 104 заң қабылдаған. 

"Президент тапсырмасы бойынша маңызды заңдар қабылдадық. Одан бөлек биыл қабылданған әр төртінші заңға Парламент депутаттары бастамашы болды", – деген ол жер қатынастары мәселелерін, мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесін реттеуге, өлім жазасынан бас тартуға, құқық қорғау органдарын реформалауға, елдегі бизнес ортаны жақсартуға, отандық өнеркәсіпті жетілдіруге арналған заңдарды атап айтты. Заң шығарумен қатар басқа да бағыттар бойынша "табысты" жұмыс істегеніне тоқталды. Өңірлердегі мәселелерді шешу, кәсіпкерлікті дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағыттары Сенат өкілдерінің үнемі назарында болғанын айтты.

"Сенаторлар маңызды тақырыптар бойынша мемлекеттік органдарға 100-ге жуық депутаттық сауал жолдады. Сенат қабырғасында қоғамды алаңдатқан өзекті мәселелерге арналған 80-нен астам іс-шара өткізілді", – деді. 

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу