Маунтинбайктан Тайландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарысты қазақстандық Денис Сергиенко күміс жүлдегер атанды. Ол 24 шақырымды 1:26.44 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен.
Бұл бәсекеде Қытай спортшысы жеңіске жетсе, қола жүлде Жапония өкіліне бұйырды.
Айта кетелік, Азия біріншілігінің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан командасы аралас эстафетадан үздік үштікке енген болатын. Біздің команда сапында Темірлан Мұхамедиянов, Әділ Шәкіров, Алина Сарқұлова, Дамир Тұрсынқалилар сынға түскен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу