Маунтинбайктан Қазақстан командасы эстафетада қола жүлдегер атанды

759

Азия чемпионаты 5 ақпанға дейін жалғасады. 

Маунтинбайктан Қазақстан командасы эстафетада қола жүлдегер атанды

Тайландта маунтинбайктан Азия чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күнінде аралас командалық эстафетадан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан командасы эстафетада қола жүлдегер атанды. Қазақстандықтар Жапония мен Тайланд командаларын алға жіберіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінген. 

Біздің команда сапында Әділ Шәкіров, Темірлан Мұхамедиянов, Алина Сарқұлова, Дамир Тұрсынқали сынға түсті. 

Азия чемпионаты 5 ақпанға дейін жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу