Маунтинбайктан команда бас бапкері Азия біріншілігінен "алтын" алды

691

Александр Дымовских өз отандасы Геннадий Крпучковтан 31 секунд алда болып, жеңімпаз атанды.

Маунтинбайктан команда бас бапкері Азия біріншілігінен "алтын" алды

Велоспорттан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы кезекті алтын медалін жеңіп алды. Masters санатындағы жекелей сында маунтинбайктан ұлттық құраманың бас бапкері Александр Дымовских алтыннан алқа тақты, деп жазады Olympic.kz. 

Дымовских өз отандасы Геннадий Крпучковтан 31 секунд алда болып, жеңімпаз атанды. 30 шақырымдық қашықтықты спортшы 40:11.28 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен. Үшінші орында ирандық Хоссейн Мохамадиха. 

Бұл бүгін велоспорттан құрлық додасында жеңіп алған екінші алтын медаль. Данил Фоминых жекелей сында Азияның алтынын иемденген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу