Маунтинбайктен Азия кубогі кезеңінде Кирилл Казанцев топ жарды

782

Маунтинбайктен Азия кубогі кезеңінде Кирилл Казанцев топ жарды

Маунтинбайктен Брунейде өткен Азия кубогі кезеңінде қазақстандық Кирилл Казанцев топ жарды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жарыс теңіз жағалауында, негізінен құмда өтті. Казанцев жарыс басталған бетте қателікке бой алдырып, кейін өзінен әлдеқайда ұзап кеткен қарсыластарын  басып озған.  

Екінші орын алған спортшы мен жеңімпаз Казанцевтің арасын тұтастай 4,5 минут бөліп тұр. Осылайша, Казанцев чемпион атанып қана қоймай, Азия кубогінің жалпы есебінде көш бастап келеді. 

Соңғы кезең бір аптадан соң Малайзияда өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу