Маусым айынан соң не қымбаттап, не арзандады?

366

Қазақстандықтар демалу мен емделуге бұрынғыдан 6 пайызға көп ақша шығаратын болған.  

Маусым айынан соң не қымбаттап, не арзандады? Фото: Ашық дереккөзден

Соңғы айды елімізде сұйық май, жарма секілді азық-түлік өнімдері арзандады.

Автокөлік бағасы да 3 айдан бері төмендеп келеді. Бұл қымбатшылық деңгейінің сәл бәсеңдегенін көрсетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Дегенмен, экономистер бұл инфляциямен күрестің нәтижесі немесе жауапты органдардың дұрыс шешім қабылғанын білдірмейді, дейді. Сонда себеп қайда жатыр? Күзде неге дайын болуымыз керек?

Арзандаған өнімдердің қатарында құс еті мен жарма, банан, тазартқыш заттар да бар. 3 айдан бері автокөлік бағасы да түсіп келеді. Маусым айында 1,2 пайызға төмендеген.

Ресейден импортталатын тауарлардың арзандайтыны халыққа жақсы болса, отандық өндірушілерге кері әсері бар. Себебі, ішкі өнім сыртқы бәсекеге төтеп бере алмай қалуы мүмкін. Мемлекет те бағаны бір қалыпта ұстап тұруға қауқарсыз. Себебі, қол-аяғымызды Еуразия экономикалық одағы байлап тұр, дейді сала мамандары. Сөздерінше, Ресейден барынша алшақтап, әлемдік нарыққа қарай жылжығанымызда жағдай басқаша болар еді. 

Сондай-ақ, экономистер мемлекеттік органдардың беретін статистикасы шындыққа жанаспайды. Себебі, белгілі бір аймақты ғана қамтып шығарылатын деректер,-дейді. Демек қымбатшылық ешқайда қашпайды. Қазірдің өзінде қазақстандықтар демалу мен емделуге бұрынғыдан 6 пайызға көп ақша шығаратын болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу