Маусым айында елде жылдық инфляция баяулады

Аймақтар бойынша инфляция барлық 20 өңірде бәсеңдеді.   

Маусым айында елде жылдық инфляция баяулады Фото: Бизнес-мир, деловой журнал Казахстана

Қазақстан Ұлттық Банкі ҚР өңірлеріндегі инфляциялық үрдістер туралы деректі жариялады.

2023 жылдың маусым айында елде жылдық инфляция баяулап, 14,6%-ды құрады (мамырда – 15,9%). Аймақтар бойынша инфляция барлық 20 өңірде бәсеңдеді.  

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында тіркелді.  

Маусымда азық-түлік тауарларының бағасы 14,6%-ға дейін (мамырда – 16,5%) баяулады. Осы топ тауарларының бағасы Маңғыстау облысында (17,2%) барынша жоғары, ал Алматы қаласында (12,7%) мейлінше төмен өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 15,8%-ға дейін ж/ж баяулады (мамырда – 17,2%). Ең жоғары мән Астана қаласында (21,5%), ең төмен мән Алматы облысында (12,4%) тіркелді.

Маусымда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 13,3%-ға дейін баяулады (мамырда – 13,5%). Бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға Ұлытау облысында (17,3%) біршама жоғары, Абай облысында (10,7%) айтарлықтай төмен өсті.

2023 жылғы маусымда елде айлық инфляция 0,5%-ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу