Маусым айында ҚТЖ паркі заманауи локомотивтермен толықты

388

Локомотивтер ең алдымен Қандыағаш және Жем локомотив деполарына әрқайсына 17 бірліктен берілді.  

Маусым айында ҚТЖ паркі заманауи локомотивтермен толықты Фото: rail-news.kz

Ұлттық тасымалдаушы Alstom және CRRC компаниялары шығарған 50 заманауи локомотивпен толығып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тағы 9 локомотив Ақтоғай локомотив депосына, 6 локомотив Астана локомотив депосына және 1 локомотив Балқаш локомотив депосына жеткізілді.

Жыл басынан бері барлығы 134 бірлік жаңа тартушы жылжымалы құрам жеткізілді. Олардың қатарында Wabtec және CRRC магистральдық тепловоздары, Alstom электровоздары, сондай-ақ CRRC маневрлік тепловоздары бар. Жаңа локомотивтер Астана, Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Мақат, Екібастұз, Жем, Қандыағаш, Ақтоғай және Балқаш локомотив деполарында пайдаланылуда.

Локомотив паркін кезең-кезеңімен жаңарту ҚТЖ-ның кешенді жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Жаңа техника тасымалдау процесінің сенімділігін, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін және тартушы жылжымалы құрамның пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Локомотив бригадалары үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасауға ерекше көңіл бөлінген. Кабиналар заманауи климаттық бақылау жүйелерімен, тоңазытқыштармен, тамақты жылыту құрылғыларымен, машиниске арналған эргономикалық орындықтармен және жеке заттарды сақтауға арналған орындармен жабдықталған.

Жаңа локомотивтердің конструкциясында пайдалану шығындарын азайтуға және техникалық қызмет көрсетуді жеңілдетуге бағытталған заманауи техникалық шешімдер қолданылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу