Маусым айының үздік спортшысы анықталды

759

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында айдың үздік спортшысын анықтауға арналған сауалнама аяқталды. 

Маусым айының үздік спортшысы анықталды

Дауыс беру қорытындысы бойынша маусым айының үздік спортшысы атағын дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Сауалнамаға сегіз спортшы қатысты. Олар: Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо), Алина Әділханова (көркем гимнастика), Нұрқанат Әжіқанов (каратэ), Мөлдір Жаңбырбай  (каратэ), Смайыл Дүйсебай (таеквондо), Жансель Дениз  (таеквондо), Александр Бублик/Андрей Голубев (теннис) және Милад Карими (спорттық гимнастика).

8 шілде күні сағат 13:00-де спортшыларға дауыс беру аяқталды. Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев 72,94 пайызбен үздік атанса, Алина Әділханова екінші, Нұрқанат Әжіқанов үшінші сатыға орналасты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу