Маусымда ақша айырбастау пунктерінде еуроны сату-сатып алу 3 есе өскен – Ұлттық банк

1208

Биыл маусымда еліміздегі ақша айырбастау пунктерінде еуро сату-сатып алу 3,4 есе (мамырмен салыстырғанда) өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап. 

Маусымда ақша айырбастау пунктерінде еуроны сату-сатып алу 3 есе өскен – Ұлттық банк

"Маусымда ақша айырбастау пунктерінде еуроны сату-сатып алу 29,2 млрд теңге немесе бұл мамырдағы көрсеткіштен 3,4 есе артық", – деп жазылған Ұлттық банк жариялаған есепте.

Ұлттық банк есебінше, маусымда долларды сату- сатып алу 154 млрд теңге, (1,5 есе көп), рубльді сату-сатып алу 53 млрд теңге (17%-ға артық), фунт стерлингті сату-сатып алу 380 млн теңге (1,7 есе артық) болған.

Маусымда ең көп еуро Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде сатылған: 10 млрд теңге.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу