Маусымда әр алтыншы көлік экспортқа кетті

563

2,5 мың отандық көлік ЕАЭО елдері мен Өзбекстанға сатылған.

Маусымда әр алтыншы көлік экспортқа кетті

ҚАБА 2020 жылдың алты айында Қазақстанда 32 701 көлік құрастырылғанын хабарлады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 58.6 %-ға жоғары. 

ҚР ҰЭМ Статистика комитеті елде шығарылған автокөліктердің жалпы құны 235 378 млн теңгені құрағанын есептеді. Былтырғы алты аймен салыстырғанда бұл 62.5 %-ға жоғары. Негізгі өсім жеңіл көлік өндірісіне тиесілі. Алғашқы жарты жылда 27 867 жеңіл көлік (+48.6 %), 2 974 жүк көлігі (+253.2 %), 713 автобус (+5.8 %), 374 тіркеме мен жартылай тіркеме (+16.9 %) және 131 арнайы техника шығарылды. 

Біздің елде құрастырылған темір тұлпарлардың жартысын Өзбекстан сатып алды. Негізінен олар Hyundai маркасына тиесілі. Chevrolet мен JAC көбіне Ресейге кетіп жатыр, автокөліктердің біраз бөлігі Беларусь пен Қырғызстанға жеткізіледі. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу