Маусымда қазақстандықтар қанша күн демалады?

605

2024 жылы Құрбан айт мерекесі 17 маусымға сәйкес келеді. 

Маусымда қазақстандықтар қанша күн демалады? Фото: freepik

Биыл маусымда Қазақстанда діни мереке атап өтіледі. Соған орай қазақстандықтар демалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2024 жылы Құрбан айт мерекесі 17 маусымға сәйкес келеді. Дегенмен діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.

Айт - мұсылмандардың ұлық мейрамы. Ислам дінінде екі айт мейрамы бар. Ол Ораза айт, Құрбан айт деп аталады. Ораза айт отыз күн ораза біткеннен кейін шәууал айының 1-3 күндері өтеді. Құрбан айт Ораза айттан соң 70 күннен кейін басталып, үш күнге созылады.

Одан бөлек маусымда бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн демалады:

1, 2, 8, 9, 15, 16, 17, 22, 23, 29, 30 маусым.

Алты күн жұмыс істейтіндер 6 күн демалады:

1, 8, 15, 17, 22, 29 маусым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу