Маусымда қазақстандықтарға қанша несие берілді?

412

Бір айда 2,5 миллионға жуық адам жаңа несие алды. 

Маусымда қазақстандықтарға қанша несие берілді? Фото: kapital.kz

Өткен айда жеке тұлғаларға берілген несиенің жалпы көлемі 1,2 трлн теңгеден асты, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Берілген кепілсіз тұтынушылық несие көлемі – 800 млрд теңгеден астам. Бұл да рекорд.

Бұдан басқа қазақстандықтарға 130 млрд теңгеден астам сомаға автонесие берілді. Мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған.

"Бір ай ішінде 2,5 миллионға жуық адам жаңа несие алған. Одан да көп көрсеткіш (бірнеше мыңға) 2022 жылдың қарашасында ғана байқалды. Жағымды жаңалықтың бірі – ипотекалық қарыз берудің орташа мөлшерінің азаюы. Маусым айында бұл 15,4 млн теңгені құрады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу