Маусымда теңге 1%-ға әлсіреді

Квазимемлекеттік сектор компаниялары өткен айда шамамен 288 млн АҚШ долларын сатты.  

Маусымда теңге 1%-ға әлсіреді Фото: Тіршілік тынысы

Валюта нарығындағы операциялар туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты. 

"Маусым айының қорытындысы бойынша теңгенің бір доллар үшін 452,26 теңге деңгейіне дейін немесе 1%-ға әлсірегені байқалды. Ұлттық қордан валютаны сату операцияларының, сондай-ақ БЖЗҚ-ның маусым айындағы валюталық үлесін ұстап тұру үшін валютаны сатып алу операцияларының көлемі біздің болжамдарымызға сәйкес келіп, тиісінше 550 және 240 млн АҚШ долларын құрады", – деді Әлия Молдабекова.

Квазимемлекеттік сектор компаниялары өткен айда шамамен 288 млн АҚШ долларын сатты. 

"Сонымен қатар Үкіметтің қаулысына сәйкес биылғы шілдеден бастап валюталық түсімді міндетті түрде сату үлесі 50%-дан 30%-ға дейін төмендегенін атап өту керек", – деді Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу