Маусымдық көкөністердің ең арзан сатылатын уақыты келді

2844

 Бір айда қияр бағасы -13%-ға,  ал қызанақ бірден 17%-ға төмендеген.

Маусымдық көкөністердің ең арзан сатылатын уақыты келді

Күзге қарай маусымдық көкөністердің бағасы одан сайын түсіп кетті: бір айда қияр -13%-ға,  ал қызанақ бірден 17%-ға төмендеген, деп хабарлайды abctv.kz energyprom.kz-ке сілтемемен.

Ал ет өнімі қымбаттауда: жылқы етіне баға бір ай ішінде 2%-ға,  тауықтың сан етіне 3%-ға өскен.

Көкөніс маусымы қызу өтіп жатыр, сатушылар тамыз айында жаңа піскен қызанақ бағасын тағы 17,3%-ға, қиярдың бағасын 12,9%-ға түсірген.

Тамызда шілде айына қарағанда картоптың бағасы 8%-ға, сарымсақ 7,5%-ға, пияз 4,7%-ға, қырыққабат 1,8% -ға арзандаған. Ал қызылшаның бағасы керісінше 2,4%-ға өсіпті.  

Жемістер ішінде алманың бағасы 1,5%-ға төмендеген, ал маусымдық емес цитрус: лимон (+1,7%)  мен апельсин (+3,7%) бағасы көтерілген.

Ұн өнімдері мен жармалар сегментінде бағаның өсуі байқалған жоқ. Тек тары бағасы бір айда (+1,1%-ға) және күріш (+2,6%-ға) қымбаттаған.

Бакалея сегментінде ашытқы шілдеге қарағанда 1,4% -ға қымбаттаған, сондай-ақ майонез бағасы 1,5%-ға өсіпті.

Сусындар бағасында өзгеріс жоқ.

Осы уақыт ішінде жануарлардан алынатын өнімдер арасында қымбаттау байқалды. Тамыз айында мұздатылған балық бағасы 1%-ға, жылқы еті  1,7%-ға, тауықтың сан еті бірден 2,8%-ға көтеріліп кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу