Маусымнан бастап қысқы шиналармен жүруге тыйым салынды

111

Бүгіннен бастап шегелі қысқы шиналарды пайдалануға қатысты маусымдық шектеу күшіне енді.  

Маусымнан бастап қысқы шиналармен жүруге тыйым салынды Фото: e-katalog.kz

Талапты елемеген жүргізушілерге 86,5 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маусым, шілде және тамыз айларында көліктерге шипы бар қысқы дөңгелек тағуға болмайды. Бұл талап техникалық регламентте көрсетілген. Ол жол жабынын бүлдірмеу және қозғалыс қауіпсіздігін сақтау үшін енгізілген. Себебі ыстық әрі құрғақ асфальтта шиптардың қыс мезгіліндегідей тиімділігі болмайды.

Шектеуді бұзған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады: алғаш рет анықталса, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

2026 жылғы мөлшермен бұл 21,6 мың теңге  бір жыл ішінде қайта тіркелсе, 20 АЕК немесе 86,5 мың теңге айыппұл қарастырылған.

Айыппұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-бөлігі бойынша, техникалық талаптарға сай келмейтін көлікті пайдаланғаны үшін салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу