"Қазгидромет" РМК хабарлағандай, ауа райы республика тұрғындары үшін тосын сыйлар әзірлеп жатыр – найзағай күтілуде, бірақ жаздай ыстық болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады - көптеген өңірлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, тек республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Температуралық фонға келетін болсақ, жаз әлі де өз орнында тұрған сияқты – республиканың солтүстігі мен орталығында ауа температурасының біртіндеп +17+27°C, ал оңтүстігінде – +27+35°C дейін бірте-бірте көтерілуі күтілуде", - делінген болжамда.