Маңғыстау облысында төртінші рет үшем дүниеге келді

307

Бұл жыл басынан бері 4-рет туған үшем.

Маңғыстау облысында төртінші рет үшем дүниеге келді Фото: Әлеуметтік желіден

Жыл соңында Маңғыстау облыстық "Ана мен бала" перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Дүниеге үшемді әкелген Мұнайлы ауданының тұрғыны, 35 жастағы ​ ананың бұған дейін 4 баласы бар. Жолдасы екеуі де​ жергілікті ​ аэропорт кешенінің жұмысшылары, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.​ ​

Жаңа туған нәрестелердің үшеуі де қыз бала.​ Сәбилердің салмағы​ 1890 гр,​1950 гр және 2700 гр ​ болып дүниеге келді. Нәрестелерге ата-анасы ​Асылым, Айзада, Айдана ​есімдерін берген. ​

"Анасының жағдайы жақсы, ал нәрестелер орталықта емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде ем қабылдауда. ​ Әзірге жан-жақты зерделеніп, толықтай ем алады және жағдайлары тұрақталғанша дәрігерлердің бақылауында болады", - деп мәлімдеді орталық қызметкерлері.                                                                                                                                                       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу