Маңғыстауда "Темір-баба" және "Тәжен" кеден бекеттерінде электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесі қосылады

363

Көліктік және экспорттық әлеует артады.

Маңғыстауда "Темір-баба" және "Тәжен" кеден бекеттерінде электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесі қосылады Фото: Мемлекеттік кірістер департаменті

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап екі кеден бекетінде электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесі пилоттық жоба ретінде іске қосылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

ЕАЭО-ның сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы екі пункт: "Темір-баба" кеден бекеті Қазақстан-Түркіменстан шекарасындағы автоөткізу, ал "Тәжен" - Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы автоөткізу кеден бекеті болып саналады.

"Электрондық кезек жүйесін құрудың мақсаты - көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың өткізу пунктіне кіру кезектілігін қалыптастыру процесінің ашықтығы мен цифрландырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің транзиттік -  көліктік және экспорттық әлеуетін арттыру үшін қажет", - деп хабарлады өңірдің Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері.

Департаментте бұл жүйені Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Ақпараттық-есептеу орталығы" мамандары әзірлегені айтылды. Бұл жүйе барынша ыңғайлы және ашық болып табылады, жүргізуші көрсетілген порталда тіркелгеннен кейін немесе мобильді қосымша арқылы жол жүру үшін бос күн мен уақытты таңдайды. Бұл ретте жүргізуші өз кезегі туралы SMS-хабарлама алады.

"Электрондық кезекті енгізудің уақытша схемасымен және мерзімдерімен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми интернет-ресурстарында, яғни kgd.gov.kz және веб-сайт CargoRuqsat.kz CGR.qoldau.kz танысуға болады.

"Осыған байланысты аталған автомобиль өткізу пункттері арқылы Қазақстан аумағынан шығуды жоспарлап отырған тасымалдаушыларға "CarGoRuqsat" қосымшасы арқылы электрондық кезектен орын брондау қажет. Орынды брондау үшін интернет қосымшаға тіркелу және кіру, қажетті өткізу пунктін таңдау, шекарадан өту күні мен уақытын көрсету және жүргізуші мен автокөлік туралы деректерді толтыру керек. Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақтылы келу қажет. Күтпеген жағдайларды болдырмау үшін тасымалдаушыларды электронды кезекке алдын ала тапсырыс беруге шақырамыз. Барлық сұрақтар бойынша Сall-орталығына 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы хабарласуға болады", - деп атап өтті мамандар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшері ҚР Қаржы министрлігінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 538 бұйрығымен бекітілген.

1) электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесінде броньдау күні мен уақытына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу үшін жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар тартқыштар-1 АЕК немесе 3 450 теңге (бір көлік құралы үшін төлемақы мөлшері);

2) жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар, кезектен тыс (жеделдетілген) тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу үшін тартқыштар – көрсетілген уақыт кезеңінде шекара арқылы өту күнін ауыстыру мүмкіндігімен төлем жасалған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде – 100 АЕК немесе 345 000 теңге (бір көлік құралы үшін төлемақы мөлшері);

3) жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар, кезектен тыс (жеделдетілген) тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу тартқыштар – көрсетілген уақыт кезеңінде шекара арқылы өту күнін ауыстыру мүмкіндігімен төлем жасалған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде-50 АЕК немесе 172 500 теңге (бір көлік құралы үшін төлемақы мөлшері).    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу