Мазар жанынан қонақ үй ашылды

Демалыс үй 24 адамға арналған. 

Мазар жанынан қонақ үй ашылды

Павлодар облысы Екібастұз қаласына қарасты Ақкөл ауылында Исабек Ишан Хазреттің мазар кешені бар. Бұл кешен – облыстың киелі нысандар картасына енген орындардың бірі, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл кешенге жылына мыңдаған турист пен зиярат етушілер келеді. Оларға қолайлы жағдай жасау үшін мазар кешенінің қасында 24 орындық заманауи қонақ үй салынды. "Исабек Ишан Хазрет" қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі Маңат Алғамбаров айтып өткендей, бірқабатты ғимаратта 8 нөмір және ағартушының қолжазбалары қойылған музей бар. Жоба демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Демалыс орнының ашылу салтанатына қатысқан Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов осындай мәдени мұраны сақтап, киелі мекендерде туризмді дамытудың маңызы зор екенін атап өтті.

"Исабек Ишан  халқымыздың руханиятына ерекше үлес қосқан тұлға. Бүгін біз игілікті іс – зиярат етушілерге арналған жаңа демалыс орнының ашылуына куә болдық. Бұл іске қатысы бар адамдардың баршасына алғыс айтамын", – деді аймақтың басшысы.

Исабек Ишан Хазрет – халық арасында аса қадірлі діни, рухани қайраткер, философ, ағартушы әрі Мәшһүр Жүсіптің ұстазы.

Хазреттің мазар кешені Қылдыкөл маңында Екібастұз ауылдық аймағындағы Ақкөл ауылынан 18 шақырым жерде орналасқан. Киелі орында екі мазар, мешіт, зиярат етушілерге арналған үй және қасиетті су алатын құдық бар.  

Фото: Валерий Бугаев

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу