Mazda 2017 жылы дизельді қос қозғалтқышты автомобиль шығаратынын жария етті

1051

Mazda 2017 жылы дизельді қос қозғалтқышты автомобиль шығаратынын жария етті

Mazda Motors-тың дизельді қос қозғалтқышты автомобилінің жаңа моделі келер жылдың басында пайда болады, деп жазады "Прайм".

Көлік өндіруші осылайша Америка нарығында дизельді қозғалтқышты автомобильдер саудасын жылына  50 мың автомобильге жеткізуді көздеп отыр, деп атап өтті Nikkei.
Mazda АҚШ-та дизельді көлікке жасырын сұраныс барын байқаған. Жалпы нарықта ұсыныс көп емес, ал отынды пайдаланудың тиімділігін арттыруды көксейтін көлік өндірушілер электромобильдер өндірісіне көшіп жатыр.

Дегенмен Mazda электромобильдер өндірісін қолға алатын ойы жоқ. Болжам бойынша, Mazda 6 седаны және жол талғамайтын CX-5 дизельді қозғалтқышпен шығуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу