Мажар инвесторлары Шымкентте бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ

998

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов "SmartSet International Ltd" компаниясының өкілдерімен кездесті.  

Мажар инвесторлары Шымкентте бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ

Жиында компаниясының құрылтайшысы және Басқарма төрағасы Барнабас Ревеспен ынтымақтасты дамыту, инвестициялар тарту мәселелері талқыланды. Шетелдік инвесторлардың сапары "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ қолдауымен ұйымдастырылды.

Аталған компания IT-кеңес беру, медициналық мекемелерді жобалық қаржыландыру және басқару, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінде медициналық қызметтердің толық спектрін ұсынуда үлкен тәжірибеге ие. IT бағдарламалау, инвестициялар және медициналық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жобаларды кешенді басқаруды жүзеге асырады. 

Кездесуде тараптар денсаулық сақтау және IT саласында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. 

Қала әкімі Мажарстан компанияның Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау және ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларға деген қызығушылығы үшін ризашылығын білдірді. 

"Мажарстан – Қазақстанның Еуропадағы маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. Әрі бауырлас халық. Үшінші мегаполис -  Шымкентте инфрақұрылым дамыған, барлық жағдай бар. Қаланың Орта Азияда инвестициялар, технологиялар және зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығы болу үшін әлеуеті жеткілікті. Сіздер тараптан жоспарланған инвестициялық жобалар – көпсалалы аурухана, денсаулық сақтау орталығы, адам ДНҚ-сының құрылымын зерттейтін заманауи зертхана (генетикалық инженерия) және медициналық жабдықтар өндірісі сияқты инвестициялық жобалардың маңызы зор. Біз өз тарапымыздан инвестициялық жобаларды іске асыруда көмек пен қолдау көрсетуге дайынбыз", – деді қала әкімі.

Компания Шымкент қаласында денсаулық сақтау және IT саласын дамыту бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Өз кезегінде Барнабас Ревес мырза Шымкент қаласының мүмкіндіктерін жоғары бағалап, қала басшылығына алғысын жеткізді. 

"Бүгінгі кездесу екі жаққа да тиімді болады деп ойлаймын. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, біз екі жақтың да мүддесі үшін  тиімді және табысты жұмыс істей аламыз. Біздің бүгінгі бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде заманауи медициналық жабдықтар, жоғары кәсіби ауруханалар, жоғары IT саласы бойынша денсаулық сақтау саласын дамытуда жобаларды іске асырамыз деп ойлаймын", – деді мажар инвесторы. 

Айта кетсек, "SmartSet International" компаниясы елімізде денсаулық сақтау және ITжобаларға инвестиция салуды жоспарлап отыр. Инвестициялардың көлемі жылына шамамен 500-700 миллион АҚШ долларынан асады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу