Осылайша, Мажарстан Халықаралық қылмыстық сот құрамынан шығу туралы шешім шығарып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Мажарстан астанасына сапары аясында жүзеге асты. Нетаньяхудың Будапешт қаласына сапары басталған күні оған "Газа секторында әскери қылмыс жасады" деген айып тағылып, қамауға алуға ордер берілгені жарияланды.
Мажарстан әлі де ХҚС мүшесі саналғандықтан, ол Израиль көшбасшысын елге кірген уақытта ұстауға ресми түрде міндетті еді. Десе де, Виктор Орбан Нетаньяхуға Мажарстанда ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтқан-ды. Мажарстан сонымен қатар ЕО аясында атысты тоқтату және Газадағы бейбіт тұрғындарды қорғау туралы бірлескен мәлімдемелерден бірнеше рет шет қалды.
– Үкімет тоқтату процедурасын конституциялық және халықаралық-құқықтық базаға сәйкес бейсенбі күні бастайды, – деді Г.Гуляш.
Бұған дейін Биньямин Нетаньяху халықаралық қылмыстық сот ордеріне қарамастан, Будапештке келген еді.
Мажарстан Премьер-министрі В.Орбан Нетаньяхуды 2024 жылдың қарашасында Мажарстанға шақырып, оны қамауға алу ордері шықса да, бұл шешімнің Венгрияда күшке ие болмайтынын жеткізген.