Мажарстан Қазақстанға Шенген аймағында визасыз режим белгілеуге мүдделі

944

Сондай-ақ бұл ел қазақстандық студенттерге арналған гранттарды 200-ден 250-ге дейін көбейтуді жоспарлап отыр.

Мажарстан Қазақстанға Шенген аймағында визасыз режим белгілеуге мүдделі

Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен Мажарстанның вице-премьері – қаржы министрі Михай Варга Будапештте қазақстандық-венгерлік іскерлік кеңестің екінші отырысының жұмысын ашты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Михай Варга Тимур Сүлейменовпен кездесу барысында венгерлік жоғары оқу орындарында оқып жатқан қазақстандық студенттерге арналған гранттарды 200-ден 250-ге дейін көбейту жоспары туралы хабарлады.

Сонымен бірге, Тимур Сүлейменов Мажарстан сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийяртомен кездесті. Ол Қазақстандағы ЭЫДҰ шеңберіндегі жұмыстар, ақпараттық технологиялар, құрылыс, энергетика, қаржы, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың болашағы туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар, Мажарстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Түркі кеңесінің шеңберіндегі ынтымақтастықты кеңейту жоспарымен бөлісті. Сийярто Мажарстанның Қазақстан азаматтарына Шенген аймағында визасыз режим белгілеуге мүдделі екендігін жеткізді. Сондай-ақ венгерлік министр "Wizz Air" Астана мен Будапешт бағыты бойынша 2019 жылғы қаңтардан наурызға дейін аптасына екі рейстің орнына аптасына бір рейсті жүзеге асыратынын хабарлады. Оның айтуынша, бұл венгерлік тараптың инфрақұрылымдық жұмыстарды орындауына байланысты. Наурыздың соңынан бастап, әуе тасымалдаушы бұрынғы мерзімділікті, яғни аптасына екі дүркін сапарды қайта жалғастырмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу