Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға келген Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанды Ақордада қарсы алды, деп жазады inbusiness.kz.
Ақорданың салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеді. Президент оркестрі екі елдің Әнұранын орындап болған соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан шағын құрамда келіссөз жүргізуге кетті.
Еске салайық, 1 қараша күні Қазақстанға ресми сапармен Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан келгенін жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу