Ресей 2025 жылға дейін Еуропаға "Достық" құбыры арқылы тасымалдайтын газ көлемін еселейді. Венгрияға ресми сапармен барған Путин осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.
Кәрі құрлыққа көгілдір отынды жеткізудің жаңа жолын таңдаған теріскейдегі көршіміз, Мажарстан сенімді серіктес деп таниды. Себебі осы елдегі жер асты қоймалары еуропалық тұтынушыларды газбен еш кедергісіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан да, Путин Венгрияның "Түрік ағыны" жобасына қатысқанын қалайды. Мадиярлар да көгілдір отынның бірнеше бағыттан жеткізілгенін құп көреді.
"Осы жылдың соңында Қара теңіздегі "Түрік ағыны" жобасын толық бітіреміз. Келесі жылдың соңында Болгария және Сириядағы серіктестерімізбен бастаған жұмысымызды бітіреміз. Оның 15 шақырымы Венгрия аумағы арқылы өтеді. Егер Венгрия қызығушылық танытатын болса, біз оны осы жылы бастап, келесі жылдың басында тездетіп бітіруіміз мүмкін. Менің білуімше, олар бұл жұмысты бірлесіп атқаруға қарсы бола қоймас", – дейді Владимир Путин.