Мажарстан Украинаға дизель отынын жеткізуді уақытша тоқтатпақ

264

Будапешт энергетика саласындағы ынтымақтастық өзара құрметке негізделуі тиіс деп санайды.

Мажарстан Украинаға дизель отынын жеткізуді уақытша тоқтатпақ Фото: news.mail.ru

Мажарстан Украинаға дизель отынын жеткізуді уақытша тоқтататынын хабарлады. Бұл туралы Мажарстанның сыртқы істер министрі Петер Сийярто X әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

Мажарстанның сыртқы істер министрінің айтуынша, "Дружба" мұнай құбыры бойынша Мажарстанға мұнай транзиті қайта қалпына келмейінше, дизель отыны жеткізілмейді.

Петер Сийярто Украина президенті Владимир Зеленскийдің саяси себептерге байланысты мұнай транзитін қайта бастамай тұрғанын, бұл өз кезегінде Мажарстанның энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырғанын айтты. Оның  сөзінше, Будапешт Киевтің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Себебі Украинаға импортталатын газ, электр энергиясы және дизель отынының басым бөлігі Мажарстаннан немесе осы ел арқылы жөнелтіледі.

"Энергетика саласындағы ынтымақтастық қысымға емес, өзара құрметке негізделуі тиіс", – деді Сийярто.

Бұл ретте Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига 27 қаңтардан бастап "Дружба" мұнай құбыры арқылы тасымалдың тоқтатылу себебіне түсінік берді. Оның айтуынша, Мажарстан Украина аумағындағы құбыр бөлігіне Ресейдің жасаған шабуыл фактісін жасырған. Будапешт украин тарапы аталған учаскеде электр қуатын әдейі ажыратты деп мәлімдеді.

ExPro талдау компаниясының мәліметіне сәйкес, 2025 жылы Украина "Дружба" мұнай құбырының оңтүстік тармағы арқылы 9,73 млн тоннаға жуық ресейлік мұнайды тасымалдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу