Мажарстанда түбі бір түркі халықтарының кезекті құрылайы өтті. Екі жылда бір өтетін халықаралық шараға осыдан МЫҢ 100 жыл бұрын Ғұндардың құрамында болған ұлттар мен ұлыстар жиналды, деп хабарлайды 24.kz.
Бір кездері тілі мен ділі, жері мен қаны ортақ болған халықтар Будапештегі Аттила (Еділ) батыр алаңында бас қосты. Құрылтай ежелгі түркі халықтарының шеруімен басталды.
Салтанатты шарада Қазақстан атынан сөз алған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев құрылтай қатысушыларына президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстанда ашылған ежелгі ғұндардың тарихы мен мәдениетін зерттейтін орталықтың жұмысы жайлы айтып берді. Бұдан бөлек Ақтөбе облысының атынан мажар еліне ұлттық нақышта безендірілген киіз үйін тарту етіп, барша бауырларды Түркістанға, қазақ жеріне тарихи туризм жасауға шақырды.