Мажарстанда жыл сайын 250 қазақстандық студент оқи алады

1387

Мажарстанда оқығысы келетін студенттер 2019 жылдың 15 қаңтарына дейін өтініш беруі керек.

Мажарстанда жыл сайын 250 қазақстандық студент оқи алады

Stipendium Hungaricum стипендиялық бағдарламасының аясында Мажарстанда жыл сайын 250 қазақстандық студент оқи алады, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Биылғы жылдың басты оқиғаларының бірі Stipendium Hungaricum шәкіртақылық бағдарламасы аясында қазақстандық студенттерге гранттарды 200-ден 250-ге дейін көбейту болды", –  деді Мажарстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани.

Андрас Барани атап өткендей, Stipendium Hungaricum бағдарламасы Мажарстан мен Қазақстан Республикасы арасындағы үкіметаралық келісім негізінде жұмыс істейді.

Келесі оқу жылына арналған бағдарлама шарттары аталған бағдарламаның сайтында жаряланған.

"Мажарстанда оқығысы келетін студенттер 2019 жылдың 15 қаңтарына дейін өтініш беруі керек", –  деп елші атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстанда да Мажарстаннан келген студенттер білім алып жатыр. Олар көбіне Қазақстан тарихын және мәдениетін зерттеуге деген қызығушылықтарына байланысты экономикалық, тарихи және музыкалық мамандықтарды таңдайды екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу