Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Мажарстан үкімет мүшелерімен және осы елдің ірі компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Тимур Сүлейменов пен Мажарстанның вице-премьері – қаржы министрі Михай Варга Будапештте қазақстандық-венгерлік іскерлік кеңестің екінші отырысының жұмысын сөз сөйлеп, ашты.
"Қазақстан Венгрияның ТМД елдерінің ішіндегі ең басты әріптесі болып табылады. Астана-Будапешт тікелей әуе рейсі ашылғаннан бері 40 мыңнан астам жолаушы "Wizz Air" венгерлік әуе тасымалдаушысының қызметін пайдаланған. "MOL Group" мұнай-газ компаниясы 10 жылдан аса уақыттан бері қазақстандық нарықта табысты жұмыс істеуде", - деді вице-премьер.
Михай Варга сондай-ақ 2019 жылғы көктемде өкілдік бизнесмендер делегациясын Қазақстанға жіберу жоспарланып отырғанын жеткізді.