2017 жылдың шығыстары 11 трлн 177 млрд теңге болып қайта бекітілді. Бүгін мәжілестің пленарлық отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 3 жылға арналған бюджеттің жаңартылған түрін таныстырып, осындай жобаның түзілгенін жеткізді. Нәтижесінде, алдыңғы бекітілген құжатқа қарағанда бұл жолы шығыстар 62 млрд теңгеге үнемделіп отыр.
Жалпы ішкі өнім 2,9%-дан 3,1% шамасында деп есептелген. Министр сөзіне қарағанда, биыл 9 айда экономикалық өсім біршама артқан. Валюта бағамын 1 долларға шаққанда 323 теңге, ал мұнай құны барреліне 52 доллармен есептеліпті. Әзірге, бюджет кірісінің өзі 4 трлн 953 млрд теңгені құрапты отыр. Бұл жоспардан 60,8 млрд теңгеге жоғары.
Ал қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қырғызстанға техникалық көмекке берілуге тиіс болған 100 млн доллардың кері транферстке қайтарылатынын жеткізді.