Мәжіліс адам саудасына қатысты заңды екінші оқылымда қабылдады

211

Интернет арқылы сексуалдық қызметтерді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілмек. 

Мәжіліс адам саудасына қатысты заңды екінші оқылымда қабылдады Фото: Halyq Uni

Мәжіліс "Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Негізгі заңға жаңа ұғымдар енгізіліп, кейбір анықтама халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді. Ілеспе түзетулерде Қылмыстық кодекске жаңа санат – адам саудасымен байланысты қылмыстар енгізіледі. "Адамды қанау" түсінігі мәжбүрлеу әдістерін кеңейту тұрғысынан халықаралық стандарттарға сәйкестендіріледі. Сонымен қатар жаңа заңда адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысушылардың татуласу мүмкіндігі алынып тасталады.

Қылмыстық-процестік кодексі жәбірленушінің арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу құқығымен толықтырылады. "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" заңда адам саудасына қатысты жекелеген қылмыстар қамтылған.

"Депутаттар вандализм жасау, ғимараттарды, жалпы пайдалану орындарын қорлау және бөтеннің мүлкін жою үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған түзетулер енгізді. Мәселен, "Вандализм" 294-бабы бойынша жаза қатаңдады. Енді ол 100 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін айыппұлмен не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартумен, не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынумен жазаланады. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды ластағаны үшін айыппұл 2 есеге 10 АЕК-ке өсті, ал әрекет қайталанған кезде – 20 АЕК", - деді құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Марат Башимов.

Заңға жезөкшелік түсінігі, яғни, сексуалдық сипаттағы ақылы қызметтерді көрсету, оның ішінде жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер арқылы басқа адамның жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен телекоммуникация және Интернет желісі арқылы көрсету енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу