Мәжіліс агломерациялар туралы заң жобасын қабылдады

Құжат қала құрылысы саласындағы әкімдіктердің, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың өкілеттіктерін кеңейтуді көздейді. 

Мәжіліс агломерациялар туралы заң жобасын қабылдады Фото: zakon.kz

Мәжілісмен Зәкіржан Күзиевтің айтуынша, заң жобасы агломерацияларды дамытудың жаңа тәсілдерін енгізуді көздейді. Сонымен қатар, облыстық және республикалық деңгейде агломерациялық Кеңестер құруға бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қала құрылысы, көлік инфрақұрылымын жоспарлау, сәулет-құрылыс қызметі және бюджеттік процестерді жүзеге асыру саласындағы өкілеттіктерін кеңейту, агломерациялар аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу қарастырылған", – деді депутат.

Сондай-ақ, ірі қалаларды үйлесімді дамытуға бағытталған агломерациялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін қала мен іргелес облыс бюджеттері арасында көлденең трансферттер мүмкіндігі ұсынылады.

"Мәселен бұл әлеуметтік нысандар, инфрақұрылымдық жобалар және басқаларына қатысты", – деп түсіндірді депутат.

Айта кетейік, Мәжіліс "Агломерацияларды дамыту туралы" және оған ілеспе "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу