Мәжіліс алдағы үш жылға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңды қабылдады

201

Кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды.

Мәжіліс алдағы үш жылға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңды қабылдады Фото: facebook.com/mazhilis.kz

Мәжілістің жалпы отырысында "Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заң жобасын Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров таныстырды.

Оның сөзінше, құжат Бюджет кодексінің ережелері негізінде әзірленді. 

"Бұл ретте кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттің қағидаларына сәйкес анықталған. Заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 доллар, 2026-2027 жылдары барреліне 41 және 39,4 доллар негізінде белгіленген. Осыны ескере отырып Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды. Жоспарлы кезеңде Ұлттық қордың таза валюталық активтері болжам бойынша, 2025 жылы – 62,2 млрд доллар, 2026-2027 жылдары 69,9 және 78,7 доллар құрайды", - деді министр.

Нұрлан Байбазаров заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттің теңгерімдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу