Мәжіліс бірқатар жаңа заң жобасын мақұлдады

514

Депутаттар тарапынан қолдауға ие болып, мақұлданған ратификациялық заң жобаларының қатарында Қазақстан мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы, адамдарды ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы келісімдер бар.

Мәжіліс бірқатар жаңа заң жобасын мақұлдады

Бүгін мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар бірқатар заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңының жекелеген тармақтарында мемлекет басшысының азаматтардың мүліктік құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі қарсылықтарымен келісті.

Сонымен қатар жалпы отырыста ҚР заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер II оқылымда мақұлданды.

Депутаттардың ұсынысы бойынша осы заң жобасында қарастырылған өнімдерді таңбалаумен өндірушілердің өздері немесе құрылатын бірыңғай өнімді таңбалаушы операторлар айналысатын болады. Сонымен қатар, бірыңғай операторға қалаларда ғана емес, сонымен қатар барлық облыстық орталықтарда таңбалау қызметтерін ұсыну үшін өз филиалдары мен тиісті жабдықтары болуы керек.

Жұмыс тобының заң жобасымен жұмысы барысында депутаттар бірқатар түзету енгізді. Атап айтқанда, қолма-қол ақшасыз төлемдерді ынталандыру мақсатында салықтық әкімшілендіруді оңайлату; мүгедектерге әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі кірістерді салық салудан босату; салынған әкімшілік айыппұлды мерзімінен бұрын төлеген кезде шартты жеңілдік беру; толық декларация беру мерзімін ұзарту арқылы кедендік әкімшілендіруді оңайлату, сондай-ақ халықаралық пошта жөнелтілімдері кезінде кедендік рәсімдерді оңайлату; электрондық сауда алаңдарын дамыту және электрондық сауданы жүзеге асырған кезде сатып алушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі нормаларды нақтылау.

Отырыс барысында депутаттар тарапынан қолдауға ие болып, мақұлданған ратификациялық заң жобаларының қатарында Қазақстан мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы, адамдарды ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы келісімдер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу