Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Сенаттың "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне енгізген түзетулерімен келісті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Бүгін Палата бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды. Олардың қатарында бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері туралы заң жобасы, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы және ЕАЭО пен оған мүше мемлекеттер және Сербия арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары бар. Осылармен қатар, Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты заң жобасына түзету енгізу туралы заң жобасы бар.
Жалпы отырыс соңында халық қалаулылары мемлекеттік органдардың басшыларына бірнеше депутаттық сауалдар жолдады.