Мәжіліс бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады

446

Парламенттің төменгі палатасының комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. 

Мәжіліс бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады Фото: егемен қазақстан

Атап айтқанда, Салық кодексі мен Салық кодексін қолданысқа енгізу, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер, жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттеуге беруге қатысты өзгерістер, сондай-ақ бірқатар халықаралық құжат бар.

“Бұдан бөлек Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттамаға, Қазақстан мен Катар үкіметтері арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімге, 2000 жылдың 7 шілдесіндегі Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы хаттамаға және т.б. қатысты бес ратификациялық заң жобасы бар”, - делінген Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу