Мәжіліс депутаттары аймақтарға халықпен кездесулерге шығады

1591

Мәжіліс депутаттары бір аптадан кейін "сайлаушылармен кездесуге" аймақтарға шығады. Міндет не? Оны бүгін төменгі палатаның отырысында спикер Ерлан Қошанов айтты.  

Мәжіліс депутаттары аймақтарға халықпен кездесулерге шығады

"Кеше үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы уақытқа дейін қордаланған проблемаларға қатысты ащы сын айта отырып, нақты міндеттер жүктеді.

Ол міндеттің ең бастысы – еліміздің  экономикалық әлеуетін қалпына келтіріп, халықтың табысын, әл-ауқатын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін Президент жұрттың бизнеспен айналысуына тең жағдай жасау, еңбек етуге қолайлы жұмыс орындарын ашу, тұрғын-үй, денсаулық мәселелерін шешу, инфляцияны ауыздықтау, қосымша қаражат көздерін қарастыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту сияқты басқа да бірқатар басым бағыттарды атап айтып, шынайы нәтижеге жетудің жолдарын көрсетті. 

Елдегі келеңсіздіктерге де тоқталып, елімізде қарызға батқан азаматтар мен кедей адамдардың көбейіп бара жатқанын ашық айтты. 

Әсіресе жастар арасында адал еңбек етіп, жетістікке жетуден үміт үзіп, қол қусырып отыратын үрдіс пайда болғанын да  қатаң сынға алды. 

Біз бір аптадан кейін сайлаушылармен кездесуге шығамыз. Сол кезде осы нақты қадамдарды әрбір сайлаушыға, әрбір азаматқа жеткізуге тиіспіз", – деді Қошанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу